Click the star to add/remove an item to/from your individual schedule.
You need to be logged in to avail of this functionality.
Log in
Accepted Paper:
Abstract:
Қаратау және Жаңатас - Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан моноқалалар. Бұл қос моноқала Қаратау тауларындағы фосфориттік бассейнде фосфориттік шикізатты өндіруге және өңдеуге мамандандырылған экономикалық маңызы жоғары аймақта орналасқан. КСРО кезінде заманалы экономикалық шешімдердің бірі болып қалыптасқан өндірістік моноқалаларды әлеуметтік-экономикалық мәселелері Қазақстан Республикасы тоқсаныншы жылдары нарықтық экономикаға ауысқаннан пайда бола бастады. Кезінде тікелей Мәскеудің қолдауымен өмір сүріп келе жатқан бұл қалалардың негізгі еңбекке қабілетті халқы орыс, неміс секілді ұлт өкілдерінен құралғандықтан, құбылмалы экономикалық жағдайдағы жекешелендіру үрдісі басталған сәтте орын алған миграциялық көштің әсерінен қала құраушы өндіріс орындарында жұмыс күшінің жетіспеушілігі орын алды. Қаратау қаласында кеңес уақытында 40 мыңға жуық, Жаңатас қаласында 53 мыңдай тұрғын болса, 2022 жылы қос қаланың тұрғындарын қоса есептегенде 50 мыңнан сәл ғана асады. ҚР Статистика бюросының мәліметтеріне берілгендей, екі қала тұрғындарының да әйелдер үлесі шамамен 50%-ды құраса, 1000 адамға шаққандағы туу көрсеткіші бойынша соңғы жылдары Қаратау қаласына қарағанда Жаңатастың үлесі жоғары (23,02-26,54). 2022 жылғы жалпы өлім көрсеткіші бойынша Жаңатас қаласының көрсеткіші 6,25-ке тең болса, ал Қаратау қаласында 7,11 құраған. 2022 жылғы миграциялық мәліметтерге сүйенетін болсақ, Қаратау қаласында көші-қон сальдосы -348, ал Жаңатас қаласында -449-ті құрайды.
Енді экономикалық белсенді халықтың құрамын талдар болсақ, онда Жаңатас қаласының еңбекке жарамды халық көрсеткіші 39,76% болса, Қаратау қаласының үлесі - 42,6%. Соның ішінде, жұмыспен қамтылған халық саны бойынша қарастырар болсақ, Жаңатас қаласында статистикалық көрсеткіштер бойынша 103%-ға, ал Қаратауда 94% өсім байқалған. бұл қалалардағы жұмыспен қамтылған тұрғындардың санының артуына себепкер ретінде соңғы он жылдықта қабылданған (бірақ толық жүзеге аспаған) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды ықпалын айта аламыз. Мысалы осы бағдарламалардың нәтижесінде инфрақұрылымды жақсарту мақсатында бір Қаратау қаласының өзінде тоқсаныншы жылдары босап қалған 21 тұрғын үй қалпына келтірілсе, 2024 жылы Жаңатас қаласын толық газификациялау жоспарланған. Бұл жақсарту үрдістерінің қатарына жаңадан ашылып жатқан өндірістік жұмыс орындарын айта аламыз. Аталған жұмыстардың барлығы қала тұрғындарының санының өсуіне және аймақта Тұрақты даму мақсаттарының 9 және 11 мақсаттарын жүзеге асыруға ықпал жасайды.
Сонымен, қорытындылай келе, соңғы уақытқа дейін "депрессивті" моноқалалар тізімінде болып келген Қаратау және Жаңатас қалаларының демографиялық жағдайын талдау барысында біз керісінше сипаттағы ақпараттарды көреміз. Қала тұрғындарының арасында миграция деңгейінің жоғары болғанына қарамастан жалпы туу көрсеткішінің де жоғары екенін байқалады.
Measuring the Social Impact of Infrastructure
Session 1 Saturday 8 June, 2024, -