Click the star to add/remove an item to/from your individual schedule.
You need to be logged in to avail of this functionality.

Accepted Paper:

Қазақ шежірелеріндегі әйелдер  
Zhazira Agabekova (Nazarbayev University)

Abstract:

Қазақ халқы туыстық жағынан бір бірімен рулық атаулар арқылы байланысады. Туыстар өз тарихын шежіре арқылы анықтайды. Ол белгілі бір функционалды қызмет атқарады. Әрбір хандықтың, рудың, тіпті, отбасының шежірелері болған. Шежірелер отбасы және әулет арасында әлі жалғасын тауып жатыр. “Нисабнама Шыңғыс” (“Шыңғыс шежіресі”), “Нисабнама қазақ” (“Қазақ шежіресі”), “Махмұт Собық тегін шежіресі”, Бейбарыс пен Ибн Халдон жинаған “Қыпшық шежіресі”, Бейбарыс пен \Ибн Халдон жинаған “Қыпшақ шежіресі”және “Жаһаннама”(“Оғыз қарақан шежіресі”) шежірелері ғылыми бағытта зерттеліп, солар арқылы қазақ халқының генеологиялық таралуы анықталуда. Осы шежірелерде, негізінен, ер азамттардың есімдері кездеседі. Бұл қазақ қоғамындағы патриархалдықтың үстем болғандығын көрсетеді.Дегенмен, аз болса да әйелдердің атауы да бар.Осы мақалады қазақ шежірелерінде кездесетін әйел есімдері туралы зерттеу барысы айтылады. Олардың саны ер есімдерімен салыстырылады. Сандық әдіс қолдану арқылы дәуірлердегі шежірелерде кездесетін әйел атаулары анықталады.Олардың шеежірегее енуіне әсер еткен тарихи және әлеуметтік, саяси факторлар анықталады.Ол факторларды анықтау арқылы қазақ коғамындағы әйелдердің рөлі және ел басқарудағы маңызы сараланады. Мақалада бірнеше шежірелерге сараптау жүргізу арқылы қос жынысты есімдердің тізімі көрсетіледі.

Panel T48GEND
Women in Central Eurasia (II). Modern Period: Women between Tradition and Modernity Facing Stereotyping, Social Expectations and Social Pain [English&Kazakh]
  Session 1 Saturday 8 June, 2024, -